«Teplostil» ЖШС: Алматыдағы зауыт ұлттық жоба арқылы инвестиция тартқан

876
Adyrna.kz Telegram
kapital.kz
kapital.kz

Құрылыс компаниялары арасында атауы ететене таныс кәсіпорын-«TEPLOSTIL» ЖШС . Алматы қаласында орналасқан зауыт 2019 жылы ашылған.Серіктестік фасадтар мен құрылымдарға арналған термопанельдер мен сәндік бұйымдарды шығарумен айналысады.
Мұндағы өнімдердің бағасы қолжетімді. Құрылыс материалдары біріншіден, үйге жылу беріп қана қоймай, әсемдікте сыйлайды.
«Teplostil» ЖШС директоры Ержан Қалимолдиевтің сөзіне сүйенсек, Өнімді қолдану мерзімі – 25 жыл.
«Зауытты салғанымызға екі жыл болды. Инвестициямыздың құны 800 мыңнан асады. «Даму» қорынан займ алып, оны 200 млн.-ға субсидияладық. Пенопласт өндіретін цехты «Даму» берген қаражатқа салып бітірдік. Аталмыш қордың кәсіпкерлер үшін жасап жатқан еңбегі көп. Мамандардан кеңес алу, жалпы, ондағы барлық процесс еш қиындықсыз жеңіл жүреді. Бұл кәсіпкер үшін үлкен жеңілдік, алдағы ісіне нық сенім мен серпіліс береді. Осы тұрғыдан алғанда біз мемлекеттің қолдауына, «Дамудың» қызметіне алғыс білдіреміз. «Әрекетке – берекет» деген. Кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттен қолдау бар деген осы», – дейді кәсіпкер, «Teplostil» ЖШС директоры Ержан Қалимолдиев.

Компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары – жеке тұлғалар. «Еуразиялық Банк» АҚ арқылы өз қызметін кеңейту үшін мекеме кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестиция мақсатында қаржы алған. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 19%-дың 13%-ын құрайды. Қолдау арқасында «TEPLOSTIL» ЖШС өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып отыр.

Пікірлер