Дүкен сатушысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды

2142
Adyrna.kz Telegram
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Оралдағы азық-түлік дүкендерінің біріне ұрлыққа түскен ер адам сатушыға аяусыз шабуыл жасаған. Бейнежазбада көрсетілгендей ол әйелді ұрып-соғып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Батыс Қазақстан полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан полиция басқармасының мәліметінше, ер адам кешкі уақытта дүкенге кіріп, біраз тауарды алып, ақшасын төлеу үшін кассаға барған. Содан кейін сатушыдан пакет сұрап, ол еңкейгенде басынан кірпішпен ұрған. Әйел еденге құлаған, ал шабуыл жасаған ер адам ақша талап етіп, оны ұрып-соғып, шашынан сүйреуді жалғастырған.

Қарақшы кассадан 20 мың теңге алып, соңынан қашып кетті.

Оқиғадан соң сатушы полицияға хабарласқан. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары шабуылдаушыны құрықтады.

"Қарақшы бұрын бірнеше рет сотталған Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады полицейлер.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер