Беккенбауэр бақилық болды

1355
Adyrna.kz Telegram

Аты аңызға айналған неміс футболшысы Франц Беккенбауэр қайтыс болды. Бұл туралы хабарға «Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Футбол аңызының қайтыс болғаны 8 қаңтарда белгілі болды. Беккенбауэр 78 жасында дүние салды.

Месси Беккенбауэрдің суретін жариялап, оның астына QEPD аббревиатурасымен жазды, бұл «бейбітшілікте демалу» дегенді білдіреді.

Футбол мансабында Беккенбауэр немістің «Бавария» және «Гамбург» командаларында, сондай-ақ америкалық «Нью-Йорк Космос» клубында ойнады.

1990 жылы Германия құрамасының жаттықтырушысы ретінде Беккенбауэр әлем чемпионатын жеңіп алды. Футболшы екі рет «Алтын допты» жеңіп алды (1972 және 1976 жылдары), үш рет Чемпиондар лигасын, сонымен қатар Еуропа кубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер