Семейде теракт туралы әзілдеген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

2016
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Семей қаласында 13-14 жастағы екі жасөспірім мектепті террористер басып алды деген ақпарат таратқан. Теракт туралы әзілдеген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 17 қаңтарда болған.

«Полиция террористерді тұтқындау туралы хабарламаға байланысты мекемені қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Кейінірек мектепте террористік акт туралы 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірім хабарлағаны белгілі болды, олар жедел арнаға қоңырау шалды.

Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», делігген хабарламада.

Сондай-ақ, екі оқушы есепке алынды, олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер