Астанада 7 жастағы бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды

1356
Adyrna.kz Telegram

Астанада 7 жастағы бала суға батып бара жатқан досын құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102-ге Есіл өзенінің жағасында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққан туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша сол жерге автопатруль жіберілді.

«7 жастағы бала түскі астан кейін досымен бірге жағалауда серуендеуге шыққаны анықталды. Ойнап жүріп балалар мұзға шығып кеткен. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға түсіп кеткен. Екінші бала жақын жерде балықшыларды көріп, жүгіріп барып көмек сұраған. Балықшылар бірден суға батып бара жатқан балаға көмекке барады. Олар баланы судан шығарып үлгеріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Қазіргі уақытта баланың денсаулығы жақсы»,—делінген хабарламада.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды.

Пікірлер