“11 жыл оқыса да білмей шығады”. Министр оқушылардың қазақ тілінен емтихан тапсыратынын айтты

8065
Adyrna.kz Telegram

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы жылы барлық мектеп оқушылары  қазақ тілінен емтихан тапсыратынын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Үкімет отырысында Ғани Бейсембаев  қазақ тілінен өтетін өтпелі емтиханы туралы бірнеше сауалға жауап берді. Атап айтқанда, министрден емтихан тапсыра алмаған мектеп оқушыларының жағдайы туралы сұралды.

Бейсембаевтың айтуынша, емтихандар қазақ тілін оқыту мен білім сапасын арттыру мақсатында енгізілген. Министр балалардың 11 жыл бойы қазақ тілін меңгергенімен, мемлекеттік тілді білмей мектепті аяқтайтынын, тұрғындар тарапынан департаменттің атына көптеген сын айтылып жатқанын атап өтті.

«Енді біз оны биыл бірінші рет жүзеге асырмақпыз. Қазір үлкен дайындық жүріп жатыр. Балалардан да, мұғалімдерден де үлкен қызығушылықты көріп отырмыз. Сондықтан осы емтихандарды аяқтаған соң жақсы ақпарат бере аламыз», - деді министр.

Пікірлер