Көкжиегіңізді кеңейтіп қана қоймай, тіл үйретіп шығатын кітап

4261
Adyrna.kz Telegram

27 маусым күні ҚР Ұлттық кітапханасында журналист Шыңғыс Мұқанның «Көшбасшылық» және орыс тіліндегі «Лидерство» кітаптарының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді Жанарбек Әшімжан жүргізді. Одан кейін Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова сөз алып, жаңа кітаптың шығуымен және алдағы журналистер күнімен құттықтады. Содан соң ҚР Президентінің кеңесшісі Мақсат Ысқақов, кітап редакторлары Тұрысбек Сәукетай мен Риза Исаева, режиссерлер Сатыбалды Нарымбетов пен Сергей Әзімов, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы сөз сөйлеп, көшбасшылық туралы ұлттық ұғымдарды тарқатып, рухани әңгімелер айтты.

Бұл жинаққа көшбасшылық туралы әлемдік сұранысқа ие ең айтулы идеялар екен. Автор Американың Гарвард университетінде оқып жүргенде небір керемет кітаптарды оқығандығын, сол идеяларды қазақшаға аударып, қазақ оқырмандарына тарту етуді мақсат еткен.
«Мазмұндама» жобасы аясында жарыққа көрген кітаптың арқалаған жүгі аз емес. Мазмұндама дегеніміз – кітаптың басты идеяларына қысқаша шолу. Уақыт сынынан өтіп, адамзат ойының алтын қазынасына айналған таңдаулы туындылардың қаймағы.
«Көшбасшылық» кітабы лидерліктен басталып, менеджмент, тұлғалық өсу, денсаулық, бала тәрбиесімен жалғасады. Бұл кітапты оқыған адам көкжиегін кеңейтіп ғана қоймай, тіл үйреніп шығады. Себебі, кітапта мыңнан аса ағылшын мен орыс сөздерін кездестіресіз. Демек, сөздік қорыңыз молаяды. Оқырмандар өздерінің көптеген сұрақтарына жауап табады. Ендеше, «Мазмұндама» бойынша жарық көрген кітаптарды парақтаудан кеш қалмаңыз!

Эльенора ӘМІР

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер