Полицейді видеоға түсірген көлік жүргізушісінің ісі қаралды

5488
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz
Ақтөбеде полицейді видеоға түсірген көлік жүргізушісі қамалған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Диапазонға сілтеп.
39 жастағы көлік жүргізушісі полицейді видеоға түсірген.
Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, істі әкімішілік сотқа жіберген болатын. Судья оны төрт тәулікке қамауға алуға шешім шығарып, көлік жүргізушісі облыстық сотқа арыз түсірді.
Арызданған жүргізуші оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол сол күні көлігін жуып, үйіне қайтып бара жатқанда полицейлер тоқтатқан. Жүргізуші бәрін видеоға түсіре бастаған. Кейіннен 6-7 полицей оны жерге жатқызып, қолына кісен салып, полиция учаскесіне алып кетіпті.
Дегенмен полицейлер көлікті не үшін тоқтатқанын айтпай, тек камераны алып тастауды талап еткен. Ал ҚР Заңы бойынша тәртіп сақшыларын тек тергеу орнында және төтенше жағдай режимі немесе терроризмге қарсы операция аймағында түсіруге болмайды.
Қамауға алынған ер адам суицид жасауға тырысқан. "Жәбірлендім" деген азаматты жедел жәрдем мамандары құтқарып қаоған көрінеді.
Облыстық сот алқасы көлік жүргізушісінің әрекетінде қылмыс құрамын таппай, істі тоқтатуға шешім шығарып, оны босатқан.
Сондай-ақ "заңсыз қамауға алындым" деген азамат өтемақы талап етуге құқылы екенін айтып, 1 миллион теңгені талап етті. Сот қаржы министрлігін 200 мың теңгені төлеп беруді міндеттеді.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер