"Жеріміз кеңейді". Алматыдағы зілзаладан соң түрлі пікір тарады

1011
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Жер сілкінісінен кейінгі Алматы халқын мазақ еткендерге тұрғындар ашуланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желіде Санжар есімді жігіт жер сілкінісінде қорқып, сыртқа қашқандарды сынағандарға жауап берді.

“Бұл бейнеүндеуде Алматының жергілікті тұрғындарына арнаймын. Алматыда жер сілкінісі болды. Зілзала туралы кез келген видеоның астындағы пікірді оқысаңыз “мейірімсіз алматылықтардың” жазғандарын табасыз. “Сырттан келгендер кетті-ау”, “Жеріміз кеңіп қалды”, “Мен жер үйде тұрамын, көпқабатты үйде тұратындар, өздерің қинала беріңдер” деп жазғандар да бар. Түсінесіңдер ме, бұл адамгершілікке жатпайды. Тіпті біреулер “Білмеймін, мен үйімде жаттым. Ал пәтер жалдап тұратындар, қорқып далаға қашты” деп жазыпты. Адамдар өз қауіпсіздігін ойлап жүр”, – дейді ашынған ол.

Ал өзін "алматылықпын" деп таныстырған кейбір оқырман “Басқасын білмеймін, бірақ кептеліссіз жүрген ұнап қалды”, “Сырттан келгендер адамгершілік танытып жатыр ма? Біз барынша шыдап бағудамыз, бірақ шыдамның да шегі бар”, “Жасыратын несі бар? Бәрі кетіп еді жеріміз кеңейді. Көліктер азайды” деп түрлі пікір жазуда.

Пікірлер