Оннан аса көлік соғылды. Алматыдағы үлкен айналма жолда ірі көлік апаты болды

1265
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Бүгін, 11 наурыз таңертең Алматыда үлкен айналма жолда ірі жол апаты болғаны туралы ақпарат пен видео тарады. Бейнежазба авторлары 15-ке жуық машина соғылды деп жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, бір көлік отқа оранған.

Алматы облысы полиция департаменті Kolesa.kz редакциясына оқиға орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Апатқа оңтүстік астана мен оның төңірегін жапқан қалың тұман себеп болған.

Тәртіп сақшылары алдын ала мәлімет бойынша ешкім ауыр жарақат алмағанын атап өтті. Құзырлы орган толық ақпаратты кейінірек жария етеді.

Пікірлер