Путинді тұтқындауға ордер берген Аканэ ханым Халықаралық қылмыстық сотты басқарады

1021
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Путинді тұтқындауға ордер берген судья Халықаралық қылмыстық сотты басқарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі International Criminal Court-қа сілтеп.

Томоко Аканэ ханым Халықаралық қылмыстық соттың жаңа президенті болып сайланды.

Аканэ ханым Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген судьяларының бірі.

«Халықаралық қылмыстық соттың төрағасы лауазымына судья әріптестерімнің сайлағаны - үлкен мәртебе. ХҚС үшін осы қиын кезеңде тұрақты, бірлескен, біртұтас басшылық қажет », - деді жаңа басшы.

Томоко Аканэ 2027 жылға дейін ХҚС-ты басқарады. Ол алдағы уақытта соттағы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөлуге ниетті екенін жеткізді.

Аканэ ханымға дейін соттың төрағалығында поляк заңгері Петр Хофманский болды.

2023 жылдың наурызында ХҚК Владимир Путинді, сондай-ақ Ресейдегі балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берді.

2023 жылдың қарашасында Ресей Ішкі істер министрлігі Аканэ ханымнан бөлек, Халықаралық қылмыстық соттың тағы бірнеше судьясын іздеуге жариялады. Сол жылдың көктемінде Ресей Федерациясының Тергеу комитеті оларға қарсы шетел мемлекетінің өкілін заңсыз ұстау және шабуыл жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық іс қозғаған болатын.

Пікірлер