Ұшақ теңіз үстінде құлдырап, 50 адам зардап шекті - БАҚ

1356
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Ұшақ теңіз үстінде оқыс апатқа ұшырап, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі BBC агенттігіне сілтеп.

Чилилік LATAM әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы Тасман теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда кенеттен төмендеген.

Сиднейден  Оклендке ұшу барысында ұшақ техникалық ақау салдарынан 100 метрге "құлап кеткен".

"Адамдар қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан орындарынан селк ете түсті. Кейбіреулер ауыр жарақат алды, - деді ұшақтағы бір жолаушы.

Әуе компаниясы ұшақтың жоспар бойынша Окленд әуежайына қонғанын хабарлады.

Пікірлер