Даудың басы - Дариғаның кенже сіңлісі. Министр тағы да мүдірді

1014
Adyrna.kz Telegram

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұған дейін Әлия Назарбаевамен байланысы бар компания қоқыс шығарумен айналыспайды деген сөзіне жауап беруге қиналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Бірден айта кеткім келеді, бұл мәселе біздің құзырымыздан тыс, жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Өткен жолы берілген ақпаратқа келсек, менде одан өзге басқа ақпарат жоқ деп айта аламын. Маған сонда Әлия Назарбаеваның бұл компанияға еш қатысы жоқ деген ақпарат берілді. Мен бұдан артық ештеңе айта алмаймын», - деді Нысанбаев сейсенбі күні үкімет отырысында.

Журналист сауал қою барысында атап өткендей, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызына қатысы бар «Clean City NC» ЖШС қалада қызметін жалғастырып жатқанын айтқан.

Ақырында сенімсіз болып шыққан ақпаратты Нысанбаевқа кім берді деген сұраққа ол бұл ақпаратты қарамағындағылар бергенін айтты.

«Демек, олар сізге қате ақпарат берді ме?» – деп нақтылады журналист.

«Біз мұны анықтауымыз керек», - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Әлия Назарбаева рейдерлік жолға түсіп, 170 миллион доллардың мүлкін ұрлағаны үшін айыпталған болатын. Сонымен қатар, соңғы уақытқа дейін экс-президенттің қызымен байланысы бар Instant Payments компаниясының рейдерлік шабуылда маңызды рөл атқарғаны белгілі.  Дәл осы компания 2022 жылғы қаңтар оқиғасына дейін «Қазақтелеком» ұлттық компаниясымен тығыз жұмыс істеген.

 

Пікірлер