Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.
Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.