«Шухратты Арқадағ» Анауда мешіт ашты

833
Adyrna.kz Telegram

Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Анау қаласындағы жаңа мешіттің ашылуына қатысып, ауызашар берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Туркменистан: Золотой век» басылымына сілтеме жасап.

Кешеннің құрылымында садақа мен рәсімдерге арналған арнайы ғимарат бар. Нысанға іргелес аумақ толығымен абаттандырылған.

Мешітте экс-президентті ел мүфтиі, Халық мәслихаты ақсақалдар кеңесінің және «Қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету» қайырымдылық қоры ақсақалдар кеңесінің мүшелері қарсы алды.

Гурбангулы Бердімұхамедов көпшілікті Ораза айында жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, оның 2024 жылы Анау қаласын Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялауға байланысты мәдени-бұқаралық іс-шаралармен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Пікірлер