"Жағдай қиын". Депутаттар су басқан аймақтың жағдайын баяндады

676
Adyrna.kz Telegram

"Аманат" партиясының депутаты, журналист Мақсат Толықбай Ақтөбе облысындағы су басқан ауылдардағы ахуал туралы баяндады, деп жазады "Адырна" порталы. 

Депутаттың сөзінше, ауылды қоршай салынбақ болған бөгет жобасы прокуратураның бұйрығымен тоқтатылған деседі. Себебі, жоба дайын болмаған. Салдарынан бөгетсіз ауылдардың бәрі су астын қалып отыр деді ол Instagram парақшасындағы жазбасында:

"Амансыздар ма? Сеть ұстайтын аймаққа енді шықтық. Күндіз-түні Ақтөбе облысындағы үйі суға кеткен ағайынның қасында жүрміз. Шынын айтқанда бірдеңе деп пост жазуға мұрша жоқ. Жағдай қиын. Құр жүрген жоқпыз. Еріктілерге рақмет! AMANAT партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір бастысы адам шығыны болмасыншы деп тілейікші. Берсиев сияқты ауылдарды толық қызыл су шайып кетті. Қорқынышты. Тұрғындар мектептің екінші қабатында отыр. Тікұшақ қонатын жер жоқ" деді Мақсат Толықбай. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Берсиев ауылындағы тасқын құрсауында қалған 250 адамның тікұшақпен эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.  

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақсат Толықбай (@maksattolykbai)

Пікірлер