Бишімбаев кешірім сұрады, бірақ кінәсін мойындамады

787
Adyrna.kz Telegram

Экс министр Қуандық Бишімбағв сотта марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы барын мәлімдесе де, «қасақана өлтірмедім» деп ақталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Кешірім сұрағым келеді. Орны толмас қайғы екенін түсінемін әрі бұл жағдайға менің де қатысым бар. Алайда әйелім Салтанатты қасақана айуандықпен өлтірген жоқпын. Жеккөріп, қарғыс атсаңыздар да құдайдың алдында да, бәрінің алдында да жауап беруге дайынмын. Қасақана өлтірген жоқпын. Мен Салтанатты жақсы көрдім, — деді ол.

Салтанат Нүкенованың анасы Бишімбаевтың сөзіне қарсылық танытып, сот залында жанайқайын айтты.

«Тоқта. Сен қалайша аса қатыгездікпен өлтірмедім деп отырсың? Қай бетіңмен осылай сөйлеп тұрсың? Сен оны бірнеше сағат бойы ұрып-соқтың. 8 сағат бойы өлтірдің», — деді Салтанаттың анасы. 

Бірақ судья оның сөзін дереу тоқтатып тастады.

Айта кетейік, бүгін Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп таныған Қуандық Бишімбаеатың кезекті сот отырысы өтті. Бүгін ол сотта алғаш сөз сөйледі.

Пікірлер