Алматы облысынан БҚО-ға 130 тоннадан астам көмек жөнелтілді

542
Adyrna.kz Telegram

БҚО-ға Алматы облысынан 130 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Өңірдегі бизнес тарапынан бірыңғай арнайы шотқа қаржылай көмек ретінде 30 млн теңге аударылды. Соңғы 10 күнде облыстық “Күшіміз-бірлікте” штабының жұмысына 350 волонтер жұмылдырылды” деп жазды мәжіліс депутаты Мәди Ахмет.

Аталмыш іске облыстың еріктілері, кәсіпкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Amanat» партиясының мүшелері мен қайырымды жандар, облыстың бас мешіті өз үлестерін қосты.

Пікірлер