БҚО Түркістан жұртына алғыс айтты

628
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада тасқыннан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына Түркістан облысынан гуманитарлық көмек барды. Қиын жағдайға тап болған кезде қолұшын созып, ағайындық танытып, киелі өлке аманатын ауданға жеткізген ағайынды аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қарсы алды. 

–Қазақта «Тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар. Ауданданымызда орын алған тасқын біраз қиындық әкелді. Осындай сәтте жанымыздан табылған түркістандықтарға алғыс шексіз. Бір қазақтың басына түскен ауыртпалық, бар қазақтың қайғысы екенін көрсетіп, жанашырлық танытқаныңыз бізге рух берді. Қазақтың бірлігі мызғымағанына шүкірлік айтамыз. Қиындыққа тап болған қиырдағы ағайынды қолдай келген көмегін берген жандардың ісі ұрпаққа үлгі. Жағдайымызды сұрап, қамқорлық көрсете келгендеріңіздің өзі бізге демеу, - деді аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, Ж. Сұлтан жылу ала келгендерге аудан әкімінің алғыс хаты мен барша қаратөбеліктер атынан естелік сыйлық табыс етті.


Оңтүстіктен арнайы келіп, қамқорлық танытқан жандар сын шақта қашан да елмен бірге екендіктерін көрсетіп, қазақ елі қиындықты бірге еңсеретіндігіне сенім білдірді.

Одан бөлек су тасқынынан зардап шекен Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын Түркістан облысы Мақтарал ауданының тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді.
Қиын қыстау шақта ағайындық танытқан мақтааралдықтарды аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан қарсы алып ризашылығын білдірді.

–Осындай қиын-қыстау кезеңде жұдырықтай жұмылған қазақтың берекесі арта түсері сөзсіз. Өзге өңірлермен бірге Түркістан облысының тұрғындары да су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауға бір кісідей атсалысып жатыр, - деді.

20 тонна тиелген жүк көлігін бастап келген мақтаралдық ерікті Бижігіт Тұрлыбайұлы. Оңтүстіктегі ағайынның қамқорлығын көрсеткен Мақтарал аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нүркен Махамбетұлы Қоржын ауылына жергілікті тұрғындарымен кездесті.

–Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Әрине, табиғаттың тосын мінез танытып, отандастарымыздың баспанасынан, малы мен дүние-мүлкінен айырылып қалғаны қиын. Осындай сәтте қарап қалмаған аудан тұрғындары қолынан келген көмегін беруде. Кез келген қиындықтың артынан жақсылық келетіні сөзсіз. Әлі-ақ бұл қиын күндер артта қалып, халқымыздың қалыпты өміріне қайта оралатынына сенімдіміз. Мақтаралдықтар Сіздермен бірге, - деді еріктілер.

Кездесуде аққозықлық ағайын еріктерлерге алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікірлер