Ресейде 9 жастағы немересін әжесі өлтіргені айтылды

961
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Чебоксары қаласында аймағында әжесі өзінің 9 жастағы немересін өлтірген, деп хабарлайды “Адырна” порталы SHOT телеграм арнасына сілтеп.

Қайғылы оқиға Чебоксары қаласында орын алған. Өз әжесінің қолынан марқұм болған 9  жасар оқушы анасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Баланың әкесі Қырымда тұратыны айтылды.

SHOT telegram-арнасының хабарлауынша, кеше, яғни 12 сәуір түскі уақытта 2-сынып оқушысы Мәскеу ауданындағы пәтерде болған.

“Баланың анасы жұмыстан келсе, баласының әлдеқашан жан тапсырғанын байқаған. Оны немересінің қылығына ашуланған 61 жастағы әжесі тұншықтырып өлтіргені белгілі болды” деп жазды телеграм арна.

Бұрын-соңды істі болмаған зейнеткердің ұсталғаны айтылды. Оның үстінен «Кәмелетке толмаған баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер