АвтоЦон жұмысы қашан дұрыс жолға қойылады?

3808
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер Министрі, А.Ұ. Маминге,
ҚР Ақпарат және Коммуникация Министіріне

Көлікті мемлекеттік рәсімдеу мекемесі, АвтоЦон жұмысын қашан дұрыс жолға қоясыздар, а?
Мына видеода, кезекпен кіру үшін алынатын талонды алмай-ақ, 3000-5000 теңгені помогайкаларға, қала берді күзетшіге беріп, кіріп жатыр. Бұл не масқара? 
Талон алуға тұрған кезекті, түстенетін уақыт болмай тұрып шектеп тастаған. Ал, талоны бар жүздеген адамдар, күту залында сағаттап кезегін күтуде! Өйткені, Цон маманы шақырту кнопкасын баспай, адамдар бара алмайды. Ал ол маман шақырту кнопкасын неге бассын, ақша төлеп кірген адамдарды жіберу керек қой..
Тәртіп жоқ. Цон маманы қалаған кезінде жұмыс орнын тастап, далаға шығып-кіріп, өз жұмыстарын тындырып жүр.
Бұрын соңды болмаған мына бассыздыққа кім жауапты?
Менің мөлшермен есептеуім бойынша, бір маман, бір жұмыс күнінде 25/30 мың теңге левый ақша тауып кетіп жатыр-ау..
Заңды заңсыз шығынның барлығы, қарапайым адамдар қалтасынан шығады.
Халық тұтынатын қызметті жеңілдету үшін цифровизация жобасына бөлінген млрд-таған қаражат пайдасы қайда?
Халықтың қанын «қасықтап іштіңіздер».
Дәл бүгін осы АвтоЦонға Прокуратура мен Финпол «кірсе», тұп-тура 100 адамды қылмысы үстінде ұстайды.

Доғарыңыздар мына бассыздықты!

 

Тортуыл Шоқанның Фб жазбасынан

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер