Үшқарасу ауылының тұрғындары елеусіз қалған жоқ

587
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.
Фото: Ақмола облысы әкімдігінен.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылында болып, су тасқынынан қиындық көріп отырған тұрғындармен кездесті.

Есіл өзені арнасынан асып, тасуы салдарынан Үшқарасу ауылы судың ортасында қалды. Ауылға көлік қатынасы мүлдем үзілді. Бүгінгі таңда елді мекенде азық-түлік өнімдерінің ассортименті, дәрілік препараттар жеткілікті. Төтенше жағдайлар қызметтері қайық арқылы гуманитарлық көмекті қажетінше жеткізіп жатыр.

«Ауылдың тамақсыз және назарсыз қалғаны туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан кейбір мәліметтер шындыққа жанаспайды. Бүгін өзім осы елді мекенге барып, тұрғындардың өз ауыздарынан жағдайларын сұрап білдім. Ауылда электрмен жабдықтауда мәселе бар, оны ертең шешеміз», - деді Марат Ахметжанов.

Осыған байланысты облыс басшылығы аталмыш ауылды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін әрқайсысының қуаты 1000 киловатт болатын екі электр генераторын жіберу туралы шешім қабылдады. Генераторлар екі күнде ауылға жеткізілетін болады. Сонымен бірге, ауылға тәулік бойы көлік қатынасы үшін 2 қайық бөлінген.

Пікірлер