Қорғаныс министрі Арыс тұрғындарынан кешірім сұрады

3603
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы ведомство басшысы баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жауапкершілік пен кінәні шатастырудың қажеті жоқ. Кінәні сот анықтайды. Ашық түрде айтайын, өзім кездескен Арыс тұрғындарынан кешірім сұрадым. Мен біразымен кездестім, олардың арасында зардап шеккендер де бар, эвакуацияланғандар да бар. Зардап шеккендермен кездесу барысында тағы да кешірім сұрауға дайынмын. Бірақ меніңше, әскерилердің басты мақсаты - сөз сөйлеу мен популизмді дамыту емес, іспен көрсетіп, болған жағдайды қалпына келтіру деп білемін", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Ведомство басшысы, қазіргі уақытта Қарулы күштер сапында жүргендердің арасында осының барлығына жауап беретін қорғаныс министрі секілді қатты уайымдап жүрген жан жоқ екенін айтты.

Пікірлер