Бишімбаевтың ісіне қатысатын адвокаттарды жария талқыламау керектігі айтылды

1916
Adyrna.kz Telegram

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысатын адвокаттарды жария талқыламауға шақырды, деп хабарлады «Адырна» тілшісі.

«Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс»,—деді ол.

Сондай-ақ Айдын Бикебаев жақын күндері осы іске қатысты жиын өтетінін мәлімдеді.

«Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді»,—деп толықтырды төраға.

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова және Ерлан Ғазымжанов қорғап жатыр. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер