Тоқаев Ақордада Жапаровты қарсы алды

609
Adyrna.kz Telegram

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Пікірлер