Астанада көліктер жаппай соқтығысқан жол көлік оқиғасы орын алды

903
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласындағы көпірлердің бірінде үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Видео авторлары көпірде 8 көлік соқтығысты деп мәлімдеген. Елордалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Оқиға 20 сәуірде болғаны белгілі болды.

«Тұран даңғылы 2/1 мекен-жайындағы үйден шығып БМВ көлігін басқарып келе жатқан 30 жастағы жүргізуші жолда кедергі пайда болған кезде тізгінге ие бола алмай, Toyota Hilander және Mazda көліктерімен соқтығысқан», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

 

Полицияның мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүріп жатыр.

Пікірлер