11 миллион пара ал да, 5 миллион төлеп шыға бер!

2903
Adyrna.kz Telegram

Пара алмаған адамның он жылға қамалып отырғанын білемін. Үйінде ұйықтап жатқан жерінде алып кеткен. "Бастығың алды"- деп жазып бер деген. " Бастығым алса алған шығар, мен көрмеген дүниелерді қалай жазам"-деп бас тартқаны үшін, істі "қазақ тілінде" жүргізуді сұрағаны үшін он жылға қамалып кеткен. Істе 56 куәгер " бұл адам неғып жүр танымаймыз"-деседе біздің әділетті сот он жылға үкім шығарған!
Біздің жүйенің сорлылығынан үш бала әкесіз өсіп жатыр. Сондағысы өз тілінде жүргізуді сұраған, және көрмеген дүниені жазып бере алмаймын дегені үшін!
Ал Бас Прокуратура мен Жоғары Сот бұндай істерді көрмейді. Себебі не деп ойлайсыздар?
Себебі сол баяғы көке жәкенің жоқтығынан!
Ал бүгінгі 11 миллион пара алып, мойындаған Сухамбердиева біздің жүйенің шынында да әділетсіз, жемқорлыққа толы екенін көрсетті!
11 миллион пара алда, 5 миллион айып пұл төлеп шыға бер! Қазақстан сен мені таң қалдырудан жалықпайсың!

Айгүл ОРЫНБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер