Мектеп оқушысының сабақ кезінде қайтыс болғаны хабарланды

1632
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде болған.

БАҚ мәліметінше, Алматы облыстық білім басқармасы 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде қаза тапқанын растаған. 23 сәуірде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

Алайда ведомствоеың ресми мәліметінде оқушының жедел жәрдем көлігінде көз жұмғаны айтылған.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Одан бөлек БАҚ-та тараған ақпаратта оқушыға медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегені айтылуда.

“Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді”, - делінген.

Пікірлер