Бейәдеп сөз айтқан журналист Рауль Упоровқа айыппұл салынды

687
Adyrna.kz Telegram

Журналист Рауль Упоров Батыс Қазақстан облысында өзен бойында балағат сөздер айтқаны үшін айыппұл салынғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мені ұсақ бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп тауып, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің журналистерге қатысты шығарған бұл заңсыз шешіміне қатысты әдепсіз сөздер айтқаным үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салды», - деп жазды Упоров Facebook парақшасында.

Журналист Рауль Упоров пен Лұқпан Ахмедьяров Youtube-та соңғы бір айда Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын бағдарлап жүрген «Просто журналистика» арнасын басқарады. Упоров үш арнайы репортаж, арнайы шығарылым, жергілікті тұрғындардың әңгімелері, құтқарушылардың, полиция қызметкерлері мен шенеуніктердің жұмысы түсірілгенін атап өтті.

«Бірде біздің команда түн ортасында мәжбүрлі эвакуация дайындалып жатқан саяжайға келді, бірақ біз келгеннен кейін бәрі тоқтатылды. Айтпақшы, бұл саяжайларды су баспады, адамдар түрлі заттармен судан сақтанып қалды. Менің ойымша,  біздің ұжымның белсенді жұмысы осы уақытқа дейін аймақтың тек жағымды көрінісін көрсетіп жүрген адамдарға ұнамай қалған болуы керек», - деп бөліседі Упоров.

Еске сала кетейік, Қазақстанда бейәдеп сөздер үшін айыппұл 69 мың теңгені құрайды немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Бұған дейін балағат сөздер айтқан футбол жанкүйерлерінің жазаланғанын жазған болатынбыз. 

Пікірлер