Алматыдағы қоймадан өрт шықты

2677
Adyrna.kz Telegram

ТЖД баспасөз қызметінің фотосы Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Портал оқырмандарының мәліметінше, қазіргі уақытта "Саяхат" маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.  "2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.

https://www.instagram.com/p/B0CulGkn53k/

 

Өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге тікұшақ та жұмылдырылған.  "Казавиақұтқару" АҚ бортын әуеге көтердік", - деп жазылған хабарламада.  Қазіргі уақытта суағар тіркелген тікұшақ өрт үстіне су шашып жатыр.  Келтірілген мәліметтер бойынша, қоймада 200 тонна лак және бояу шығару бұйымдары бар екен  Бұған дейін 18 шілдеге қараған түні Алматыда үш жекеменшік үй мен шаруа құрылысы өртенгені хабарланған еді. Өрт Жетісу ауданындағы Потанин көшесінде болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер