Алимент төлемегендер «үйқамаққа» жабылуы мүмкін

2120
Adyrna.kz Telegram

Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүргендерді қамауда ұстайтын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қоғамдық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде алимент төлемейтіндерді 40 күнге дейін қамауға болатын заң бар. Қазір осы мәселені зерттеп, анықтап жатырмыз. Осыдан бір жыл бұрын прокуратураның бастамасымен Сейфуллин көшесіндегі тергеу изоляторы жабылған болатын. Қазір сол ғимаратты қала меншігіне алуды қарастырып жатырмыз», - дейді Е.Әукенов.
Кездесу барысында қоғамдық кеңестің мүшелері Түрксіб ауданындағы кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының ғимаратын алимет төлемейтіндерге арналған үйқамақ ретінде пайдалану жөнінде ұсыныс жасады. Ол іс жүзінде бос тұр. 10-15 адамға арналған. Алматы әкімінің орынбасары бұл ұсынысты қарастыруға уәде берді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер