Ақтөбеде жалған діни пансионаттар жабылды

2340
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе қаласында  «Ақтөбе» және «Ақжар» діни пансионаттары жабылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық прокуратура балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында заңнама талаптары бұзылғанын анықтады.

«Пансионат тәрбиеленушілерінің жеке істерін зерделеу барысында олардың діни әдебиеттерді пайдаланғаны, сонымен қатар, жеке істерінде діни жазбалары бар дәптерлердің бар екені белгілі болды.  Іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді.

Қайырымдылық мекемелері қызметінің діни бейімділігі, балалар мен тәрбиешілердің сауалнамаларымен де расталды»,—делінген 21 маусымда таратылған хабарламада.

Одан бөлек обьектілерде санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, еңбек заңнамасының талаптары бұзылған.

Прокуратура мәліметінше, балалардың тиісті білім алуға, тәрбиеленуге және дер кезінде медициналық көмек алуға құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған.

Қазіргі уақытта сот Ақтөбе қаласы прокуратурасының талап-арызы бойынша 2 пансионатты тіркеуден шығарып, таратып жіберді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер