Түркістандық түлек әлемнің 40 университетінен грант жеңіп алды

5373
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістанда білім-инновация лицейінің оқушысы әлемнің бірнеше университетіне шақырту алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

11 сынып түлегі Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады.

Түлек 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізіп келген.

"8-сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым", - дейді Ислам Абдурахманов.

Дарынды оқушы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесін таңдап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер