Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

2208
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 16 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кадрларға қарағанда, автобус әуелі жеңіл көлікпен соқтығысып, жолдан шығып кетіп, «ішімдік базарының» жанындағы дүңгіршекке соғылған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, «Киа» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сити-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер