Өскемен - Алматы пойызында 74 жастағы зейнеткер қайтыс болды

1967
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Өскемен-Алматы пойызында 74 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиғаны жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялады. Айтуынша, пойызда өте ыстық болған.

«Атасы әйелімен бірге тамбурға шығып, ауа жетпей құлап, қайтыс болды. Мұның бәрі 13 жасар немересінің көзінше болған. Жолсерікте алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болмаған. Сарыөзек стансасына жеткен жедел жәрдем мәйітті көрпемен алып кетті. Зембіл болған жоқ», - деп бөлісті жолаушы.

Полиция департаменті ер адамның өліміне қатысты тергеуді бастады.

«Қонаев стансасындағы жергілік полиция бөлімі Өскемен-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында кенеттен қайтыс болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу жүргізілуде», - деп жауап берді департаменттің баспасөз қызметі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Сарыөзек станциясында №351 Өскемен-Алматы пойызының бастығы денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 74 жастағы жолаушыға жедел жәрдем шақырғанын хабарлады.

«Пойыз жолсеріктері жолаушылармен және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдады. Өкінішке орай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. Жолаушы кондукторға денсаулығының нашарлағанына шағымданбаған. Жолаушы әйелімен бірге Жарғыз-төбе станциясынан Алматыға бет алған. Әйелінің айтуынша, ер адам астмамен ауырады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушының отбасына көңіл айтады», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер