Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

МИХАИЛ ТЕНЫҢ ТАРАЗ ТУРАЛЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

2789
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласының Достық үйінде танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Тараздың тарихы туралы жазылған кітаптың тұсаукесерін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Тағылымды жиынды облыстық мәдениет басқармасының өкілі Михаил Платов  ашып жүргізіп отырды. Михаил Платовтың айтуынша, Михаил Тё республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі ретінде «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға өз үлесін қосып жүрген танымал тұлға.

– Басылым облыстың мәдениет, тарих және археологияның ең танымал ескерткіштері туралы ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы болып табылады. Тараз туралы тамаша туынды 13 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы облыс аумағында орналасқан қасиетті жерлерге арналған. Олардың ішінде баршамызға белгілі, қазір Жамбыл жеріндегі туристік тартымдылығы жоғарғы нысандардың бүкіләлемдік тізіміне енген Айша-бибі, Бабаджи-хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, ежелгі ислам мешіті, Төрткүл керуен-сарайы және т.б. бар. Кітапта тек Михаил Теның ғана емес, аймақтағы өз ісінің танымал шеберлері Юрий Ким, Ағәділ Рысмахан, Алтынбек Картабай және Виктор Барбаш жасаған көптеген фотосуреттерді (шамамен 100 сурет) көруге болады. Автордың кітапқа дайындаған иллюстрациялары да керемет. Жинақтың мұқабасы Айша бибі кесенесі  және Ақыртас қалашықтарының фотосуреттерімен көркемделген, – дейді ол.

Ерекше форматта, шығармашылық кеш түрінде өткен тұсаукесер қонақтардың қызығушылығын тудырмай қоймады.  Оның үстіне Михаил Платов  кештің жүргізушісі ретінде ғана емес, сонымен қатар жазушының мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларымен мән-мағыналы сұхбат жүзінде де бөлісті

Ал төл туындының авторы бұл кітапты жазамын деп ойламағанын айтады. Алайда ол достарының өтінішін жерге тастамай, Тараз туралы кітап жазғанын мақтаныщпен жеткізді.

– Мен бұл кітабымды жазам деп ойламап едім. Әріптестерім және дос-жарандарым республикалық «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған өңірлік киелі жерлер турасындағы мақалаларымды көріп, «сен неге осының бәрін жинақтап, кітап жазбайсың?» деп қолқалағаны бар емес пе?! Өзім де зерделесем, тарихи өлке тақырыбында жазған материалдарым мен түсірген суреттерімнің саны  шынымен де 3 жылдан бері біразға жеткен екен. Осы себепті де ойланып-толғана келе қолжазбаларымды жинақтап кітап етіп шығаруды ұйғардым. Міне, сөйтіп осы аталмыш төлтуындым жарық көрді. Менің ойымша, аталған еңбек оқушылар мен студенттер, тарих, археология және өлкетану тақырыбына қызығушылық танытатын барлық адамдар үшін де пайдалы, – дейді автор.

Жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерқанат Манжуов  пен  облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова сөз алып, өз ойларын ортаға салды.  Нұрқанат Нұрбапаұлының айтуынша, Михаил Борисұлының төл туындысы жергілікті тұрғындардың туған өлкесін аралап  саяхаттауға деген  қызығушылығын оятады. Сондай-ақ ол аталған кітаптың шетелдік туристер үшін де тамаша туынды болатынына сенімі мол екендігін жеткізді.

Кеш аясында Михаил Те гитармен ән айтып, өзін жаңа қырынан таныстырды. Сондай-ақ автор өз оқырмандарының өтінішін жерге тастамай, тырнақалды туындысына қолтаңба жазып берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер