Арбадағы баланы тұтқындаған. Полиция мән-жайды түсіндірді

2130
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Желіде ерекше қажеттілігі бар жігітті полицияның ұстап, қамауға алғаны туралы видео тарап кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқырмандар бейненің пікір бөліміне Бас прокуратураны белгілеп, түсініктеме сұраған. Астана полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

Желідегі бейнеде әйел адам ашуға булығып, денсауығы әлсіз баласын әкетіп жатқан полицейлерге дауыс көтерген.

”Неге алып бара жатырсыздар? Мұндай адамнан қандай қауіп бар? Мүгедектер арбасындағы бала не қауіп төндіруі мүмкін? Біз қарсыласпадық қой. Бүгін 8 тамыз”, – дейді әйел.

Кейіннен Астана ПД мүгедек арбадағы жігіттің ұсталмағанын хабарлады.

"Қылмыстық істің нәтижесінде Маңғыстау облысының тұрғыны "Есіл" аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді, сол уақытта әйел өзімен бірге қасында жүрген екі баласын бірге алып жүруді сұрады. Балаларының бірінің ерекше қажеттілігі бар", – делінген ПД түсіндірмесінде.

Түсіндірме жұмыстарынан соң әйел үйіне жіберілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер