Францияда ұсталған Дуровты қамау мерзімі ұзарды

1729
Adyrna.kz Telegram
Фото: esquire.kz
Фото: esquire.kz

Францияның сот органдары Павел Дуровты қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Телеграмды ойлап тапқан Дуров Париж әуежайында өзі жасаған мессенджерге қатысты құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оны қамауға алу тергеу судьясының шешімімен 96 сағатқа созылуы мүмкін.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін судья оны босату немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім шығара алады.

Францияның әділет министрлігі Павел Дуровты алаяқтық, есірткі саудасы, киберқорлау, ұйымдасқан қылмыс және терроризмді насихаттау сияқты қылмыстарға қатысты алдын ала тергеу аясында тұтқындауға ордер берді.

Айта кетейік, Франциядағы Ресей елшілігі 24 тамыз күні Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталғаны туралы мәлімдеді

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер