Қазақстанда соңғы жылдары даму тоқтады...

3418
Adyrna.kz Telegram

Негізі Өзбекстанда президент ауысқалы күрделі өзгерістер бар. Ел даму мен жаңаруға бет алды. Бізде соңғы жылдары даму тоқтады десе де болады. Инфляцияны есепке алсақ халықтың табысы 2012-2013 жылғы деңгейде тұрақтап қалды. Экспортқа өнім шығарған өндірістер жоқтың қасы. Соңғы үміт жаңа президентте. Бірақ бұл сенім кредиті де созылмалы емес. Ары кетсе 1-2 жыл. Бұл уақыт өткеннен кейін халық жаңа президенттен де біржола үмітін үзіп, президенттің өзін сынға алып, Өзбекстан секілді билікті біржола жаңартатын жаңа жолды іздей бастайды. Не алдағы 1-2 жылда халық бұл жүйенің өзгеріс алып келетініне сеніп тоқтайды. Не жаппай берекетсіздік пен жер-жерден бас көтерген қозғалыстар басталады. Таңдау, шешім қабылдау, жолды бастау тетіктері жүйенің өз қолында. Адаспайтын шығар. Кейде ұзақ жыл ел басқарған тұлғаның қанша жерден гений болса да биліктен жартылай кетпей, біржола кетіп те елге қызмет еткені жақсы.

Қазір бізді ұстап тұрған бір нәрсе альтернативаның жоқтығы. Шықса халық жаңа лидердің соңынан тұтас еріп кеткелі тұр. Сауатты альтернатива жоқ жерде кім көрінген тізгінді ұстап шығуы ғажап емес. Бұл қауіпті. Бірақ енді 1-2 жылда өзгеріс болмаса халық альтернатива, жаңа лидер дегеніңе қарамай жайпап өтеді-ау.

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер