Сириядан келген балаларды қайтеміз?

4624
Adyrna.kz Telegram

 

Сириядан қаншама аналар балаларымен оралды. Олар арнайы оңалту орындарына орналастырылды. Ия ата-аналары шалыс басты, сол үшін балалары жауап беру керек пе? Балалар қоғамға қосылуға дайын ба? Оларға қандай көмек беріліп жатыр? Соғыс көріп келген балалар мектеп табалдырығын биыл аттайды ма? Олардың психологиялық жағдайы қалай? Осы жайлы балалардың құқығын қорғайтын обудсмен Аружан Сайн жауап бере алады ма?
Ал Білім министрі Асхат мырза не дейді екен?
Сириядан келген балаларды оқшаулап ұстаймыз ба, әлде қоғамға арластырамыз ба? Сириядан қаншама баланы алып келдік "Жусан" операциясымен. Енді ол балалардың жағдайы қалай? Жаңа оқу жылына дайын ба? Балалар біздің болашағымыз, жасап жатқан әрбір ісіміз өсіп келе жатқан ұрпақ үшін. Үйдегі баланы ғана емес, өзге балаға да көңіл бөлу керек. Қоғам тек сенің балаңмен құралмайды.
Елге 686 баланы алып келді бүгінгі таңда. Осы балалардың тағдыры қалай болып жатыр?
Кім мағлұмат бере алады?
Мемлекеттен қандай көмек алып отыр? Осы сұрақтар мені мазалап жүр. Себебі бұлар біздің қоғамның бір бөлігі. Оларға немқұрайлы, жаман көзбен қарауға болмайды. Керісінше қоғамнан бөлектемей, еліміз үшін күресетін патриот жастарды тәрбиелеуіміз керек!

 

Айгүл ОРЫНБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер