ҚАЙРАН ҚАЛАМ, ҚАЙСАРЛЫ ҚАЗАҒЫМА!

2301
Adyrna.kz Telegram

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Жанжігітов Сырым Жанмұратұлы.

 

Автор: Жанжігітов Сырым Жанмұратұлы

Байланыс телефоны: 8-771-477-8144(whatsApp), 8-700-26-77-562

 

Қалам алдым қолыма алғашқы рет,
Жаздым өлең сияма арқа сүйеп.
Шерте алсам егерде халық жанын,
Тартар едім өзімді алға сүйреп.

«Туған ел» тірек болды жазарыма,
Салайын ел тарихын назарыңа.
Жырымды бастан аяқ оқыған соң,
Қаларсың қайран қалып қазағыма.

Елдігінен таймаған қазақ деген,
Қара қылды қақ жарған ғажап дер ем.
Өкіметке отар боп жылдар бойы,
Өмір кешті қиналып азаппенен.

Бостандыққа жеткен соң қазағымның,
Бәрі артта қалды ғой азабының.
Елі үшін тер төгіп , жан беріскен,
Қайсарлығын сүйемін қазағымның.

Қазағымның сүйемін қайсарлығын,
Жау алдында танытқан байсалдығын.
Келген жұртқа төрінен орын берген,
Ардақ тұтам елімнің жайсандығын.

Қанша ғасыр отар елдер биледі,
Билесе де қазақ басын имеді.
Жылдар бойы күресумен өткізген,
Тәуелсіздік бізге оңай тимеді.

Ер бастаған найзалардың ұшымен,
Сан ғасырлық білектердің күшімен.
Жылдар бойы қайғы кешкен халықтың,
Енді гәрі күлкі кетпес жүзінен.

Самитке төраға боп қойылғаның,
Белгісі қиындықты мойығанның.
Жас ел боп танылсаңда кеше ғана,
Өткіздің Азиада ойындарын.

27 жыл елімнің толғанына,
Бақ-береке басына қонғанына.
Аллама өмір бойы рақым етем,
Нұрсұлтандай Елбасы болғанына.

Пікірлер