Суретпен сөйлеген "Ұлы даланың салт-дәстүрлері"

1710
Adyrna.kz Telegram
Фото: Естай Божанның парақшасынан
Фото: Естай Божанның парақшасынан
Анадолыда фотосуретші Самат Құсайыновтың көрмесі ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
3 қазан — Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күніне орай Anadolu Medeniyetleri Müzesi-де Самат Құсайыновтың фотосурет көрмесі ашылып жатыр. Бұл туралы Естай Божан желідегі парақшасында жариялады.

"Анадолы жұртында Самат ағаның фото көрмесі бүгін сәтті ашылыпты. Құтты болсын, Самат аға!

Фото тілі деген де бір ғажап тіл Адам өзі уақыт, кеңістік және материаның әлемінде ғой. Фотографтың көзі бір құбылыстың қай уақытта, қай кеңістікте түсірілуін өзге адамдардан көрі дәл өлшеп табатын болса керек. Қалт еткен қас қағым сәттегі іс-қимылдардан теңдессіз терең мағына тудыратын фотография расында ғажап өнер.
Тілшіліктің тіршілігінде Самат ағамен талай сапарлас болдым. Құбылыстың мәнін айшықтайтын қимыл-қозғалысты түсіруде "мерген" аты бар. Биыл 50 жас мерей тойы аталып жатыр. Өткенде ғана туған елінде шығармашылық кездесуін, көрмесін беріп қайтқан еді. Енді міне Самат ағаның аппаратына ілінген туындылар Анадолы жұртында көрме боп ашылып, түріктерге "Ұлы даланың салт-дәстүрін" суретттеп жатыр.
Бұл өзі ұжым үшін де үлкен мақтаныш. Көрмені "Алатау Ақпарат" холдингі мен "Түріксой" бірлесіп өткізіп жатыр", - деп жазды .
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер