Аида Балаева АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді

1203
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан 164-ші учаскеде атом электр стансасының құрылысына қатысты референдумда дауыс берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министр референдумның халық үшін тағдырлы шешім қабылданатын өте күрделі науқан екенін атап өтті.

«АЭС-тың салыну мәселесі саяси мәселе емес болса да, бұл экономикалық тұрғыдағы мәселе. Бұл ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін науқан. Осы мәселеде ең бастысы халқымыздың дауысы маңызды. Өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғаннан кейін мемлекет осы референдумды жасауға қадам басты. Мен де осы елдің азаматы ретінде дауысымды бердім. Меніңше, ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын, жалпы азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр. БАҚ-тан шет елдегі азаматтарымыздың да белсенділігін көріп жатырмыз. Үлкен ауылының адамдары да осы науқанға қатысып, белсенді дауыстарын беруде. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, тағдыр кешті мәселе. Әр адам оған немқұрайлы қарамай, өзінің дауысын беруі керек», - деді Аида Балаева.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер