БАЙЗАҚ АУДАНЫ БАЙЫПТЫ ДАМЫП ЖАТЫР (Фотореп)

4129
Adyrna.kz Telegram

Байзақ ауданы Жамбыл облысына ең жақын аудандардың бірі болып саналады. Сондықтан да бұл артықшылық ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына қолайлы болып отыр. Өйткені басқа ауданмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімдерін облыс орталығы Тараз қаласына әкеліп сату, ыңғайлы. Бұдан бөлек ауданда орталық ауруханамен бірнеше балабақша күрделі жөндеуден өтіп, су жаңа мектеп пайдалануға берілді. 

Байзақ аудандық орталық ауруханасы. 1976 жылы салынған аурухана ғимаратына ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр Аталған жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен 71 млн. 475 мың теңге, ал жергілікті бюджет қаражатынан 7 млн. 942 мың теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары шілденің 26-і күні басталып, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде аяқталады.

Ақшолақ орта мектебі.  Үш ауысымда оқитын Ақшолақ орта мектебінің проблемасы  шешіліп, 120 орындық мектеп құрылысы 1 қыркүйектен бастап пайдалануға беріледі. Бүгінде мұнда ғимарат айналасын абаттандыру, көгеріштендіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мектеп ішіне қажетті құрал-жабдықтар қамтамасыз етілді.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайы. Сарыкемер ауылында  948,0 млн теңгеге 29 жоба іріктелініп алынып, оның 24-і бойынша жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ағымдағы күрделі жөндеу жұмысы қызу жүргізілуде. Бүгінде аудан тұрғындарының саны 106 253 адамды құраса, оның ішінде, тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны 31670 адам немесе халықтың 29,8 пайызын құрайды.

Шағын футбол алаңшасы мен баскетбол алаңының бастырмасы. Сарыкемер ауылының орталық стадионы аумағынан халықаралық стандартқа сай келетін шағын футбол алаңшасының құрылысы жүргізілуде. Шағын футбол алаңшасының құны – 7,1 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ осы жерде баскетбол алаңының бастырмасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.  Алдағы уақытта құрамдастырылған спорт алаңы ретінде қайта жаңғырып, ел игілігіне 2019 жылдың 1 қыркүйек күні берілетін болады.

"Балдырған" және "Теремок" балабақшасы. "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында "Балдырған" балабақшасы да ағымдағы жөндеуден өткізілуде.  Мұнда балабақша іші қайта жаңғыртылып,сыртқы жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Бәйтерек ауылдық округіндегі "Теремок" балабақшасы да күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Жалпы құны 164 миллион 475 мың теңгеге бағаланған балабақшадағы күрделі жөндеу жұмыстары қазан айының соңында пайдалануға беріледі.

«Есенбаев Б.М.» өсімдік майын қайта өңдеу цехы. Бурыл және Көктал ауылдық округтерінде орналасқан «Есенбаев Б.М.» өсімдік майын қайта өңдеу цехынның жобалық құны 200 млн теңге. Құрал-жабдықтары 75 млн теңге болған май цехының қуаттылығы тәулігіне 50 тонна май сығады. 50 тонна мақсарыдан 10 тонна, ал 50 тонна семішкеден 20 тоннаға дейін май шығады. Қазіргі таңда цех ауылдың 10 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

«Дулат» шаруа қожалығы. Көктал ауылдық округінде орналасқан «Дулат» шаруа қожалығы 2014 жылдан бері 3 мың бас МІҚ малын бордақылаумен айналысып келеді. Тәулігіне 100 бас мал союға арналған бұл кешеннің жоба құны 497 млн. теңгені құрайды. Шаруашылық 75000 айлықпен 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Мика» шаруа қожалығы. Қостөбе ауылдық округінде орналасқан «Мика» шаруа қожалығының жалпы құны 100 млн теңге болатын жылыжай кешенін салған. Қожалықтың жалпы жері 2,0 га, ал жылыжай 0,8 га камтиды. 2019 жылдың бірінші маусымында 102,0 тонна қияр өндіріп, екінші жарты жылдыққа қияр дақылын еккен. Шаруақожалық 10 адам тұрақты және 10 адам маусымды жұмыспен қамтып, 75 мың теңге көлемінде жалақы төлеп отыр.

 «Нұрлы жай» шаруа қожалығы. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Байзақ ауданының «Нұрлы жай» шаруа қожалығы Чехиядан ет бағытындағы 90 сиыр алып келді. Бір сиырдың құны 544 мың 500 теңге. Өткенде Сыбаға бағдарламасы бойынша 90 бас асыл тұқымды сиыр алға "Нұрлы жай" ШҚ суреттері. ШҚ басшысы Сейткадырова Асель Тулепергенова

Пікірлер