Болмай жатып жоқ болды. Министр 4 пайыздық автонесие келмеске кеткенін айтты

1723
Adyrna.kz Telegram

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында 4 пайыздық автонесие неге келмеске кеткенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұл сұраққа осыған дейін де жауап бергенбіз. Жеңілдетілген несиеге ешкімнің көңілі толып отырған жоқ. Себебі түсінікті, ниет білдірушілер көп, ал бөлінетін ақша шамалы. Бірақ автоөндірушілер де, қаржы нарығы да бір орында тоқтап тұрмайды. Мысалы, қазір Үкімет заңнамалық тұрғыда жеке тұлғаларға лизингті енгізу тетігін қолдап отыр. Екіншіден, автокөлік сататын компаниялардың өзі әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланып, көлікті бөліп төлеуге болатын жағдай жасады», – деді министр.

Қанат Шарлапаев жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталатынын еске салды.

«Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаражат өте дұрыс болды деп ойлаймын. Қаражат қалалар мен облыс орталықтарда қоғамдық көліктерді қолдауға бағытталды. Біз қалаішілік қана емес, ауданаралық көліктерге де жұмсадық. Мұндай ұстаным дұрыс деп есептеймін. Автокөліктерге жеңілдетілген несие берудің орнына қоғамдық көліктердің сапасын арттыруға жұмсап отырмыз. Себебі оны халық көбірек пайдаланады. Жеңілдетілген автонесиені біз бір жарым жыл бұрын жаптық. Қазір ол қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталып отыр», - деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер