Түркия өз әуе кеңістігінен Израиль президентінің ұшағын өткізбеді

1356
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
Израиль президенті Ицхак Герцог климаттық саммитке қатысу үшін Бакуге барудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Milliyet басылымының жазуынша, Израиль сенбі күні кешке Ицхак Герцогтың COP29 саммитіне қатысуын қауіпсіздік себептерімен тоқтатқаны туралы хабарлаған. Алайда, Әзербайжанның сыртқы істер министрлігінің дереккөздері Түркияның Израиль президентінің ұшағына өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермегенін себеп болғанын айтты.
Түркия президенті Ердоған Газа аймағындағы жағдайды геноцид деп атағаннан кейін, Түркия мен Израиль арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар күрделене түсті.

Түркия Израильмен қарым-қатынасты үзіп, болашақта оны қайта орнатуға қадамдар жасамайтынын Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бұрын мәлімдеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер