Павлодар облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

1249
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмысшыны көлік қағып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға туралы Павлодар облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті ақпарат таратты. Ведомство мәліметінше, кәсіпорын аумағында 32 жастағы жұмысшы қаза тапқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, полиция қауіпсіздік ережелерін бұзу арқылы абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысы бар көлік жүргізушісінің анықталғанын және қамауға алынғанын хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деді полиция.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер