Өзбекстанда күйеуі мен енесінің соққысынан көз жұмған әйелдің оқиғасы қоғамда резонанс тудырды

1622
Adyrna.kz Telegram
Фото: svodka.akipress
Фото: svodka.akipress

Өзбекстанның Аққорған ауданында 23 жастағы әйел күйеуі мен енесінің ұрып-соғуынан кейін ауруханада көз жұмды. Жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түсіп, барлық медициналық көмекке қарамастан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты әйелдің күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.

Бұл оқиға Өзбекстанда үлкен резонанс тудырып, қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтерді. Әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етуде.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу нәтижелері мен сот шешімі алдағы уақытта жарияланбақ.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер