Qarmet ескі ғимараттарды бұзу бағдарламаларын іске қосты

1139
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қажеттілігі жоқ ғимараттар мен құрылыстарды бұзу бағдарламасы іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Ескі, апатты және пайдаланылмайтын ғимараттарды сүріп тастау– кәсіпорынның өндірістік қуатын жаңарту процестерінің бірі.

"Ғимараттарды бұзу – компания үшін жаңа бағдарлама емес. Алайда, 2024 жылғы нұсқасы ғимараттардың жекелеген элементтерін ғана емес, толық конструкцияларын да алып тастауға бағытталған. Бұл зауыт аумағында жаңа өндірістік нысандарға орын дайындап, қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта оттегі цехының ауа бөлу блогын, шихта цехының кейбір ғимараттарын, коксохимия өндірісінің ректификация цехтарын, пайдаланылмайтын галереялар мен қалыптау цехының ғимараттарын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Осы шаралардың нәтижесінде комбинат аумағында шамамен 50 мың м² пайдалы алаң босатылады", – деді кәсіпорынның күрделі құрылыс жөніндегі директор орынбасары Алексей Давыдов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер