Қазақстандағы алғашқы АЭС. Премьер-министр арнайы тапсырма берді

1465
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен атом энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қарастырылды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі талқыланды. Өсіп келе жатқан электр энергиясы сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт жаңа генерация қуаты құрылымын дамыту көзделіп отыр.

"Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылып жатыр", - делінген премьер хабарламасында.

Кеңесте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады. Премьер-министр АЭС салу барысында еліміз үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету маңыздылығына тоқталып, жеткізушіні таңдауда отандық құндылықтарды арттыру, өндірісті локализациялау және технология трансфертіне ерекше мән беру керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, атом ғылымын дамыту және сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері қаралды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер